Хабар телеарнасы

Құтқарушылар оқу жаттығу жиынын өткізді. LIVE

Павлодарда көпқабатты үйден шыққан өртті сөндірудің әдіс-тәсілдері пысықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған тактикалық оқу-жаттығуда өрт 9-шы қабаттан шыққан. Бұл қаладағы ең ірі тұрғын үй кешені. Маңайында қонақ үй, сауда орындары мен қызмет көрсету орталықтары бар. Жыл басынан бері Павлодарда қанша өрт тіркелді? Тілсіз жаудың тұтануына не себеп?

Қарлығаш Қасиетова, тілші:
-Өрт шыққан үйдің аумағында қазір қарбалас. Адамдар қауіпсіз жерге шығарылып жатыр. Сценарий бойынша өрт 9-шы қабаттан шыққан. Өрттің ошағы да анықталып, тілсіз жау ауыздықталды және үйдің төбесіне шығып кеткен адам құтқарылды.