Хабар телеарнасы

Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% өсті

2024 жылы бұл сомма еселеніп, 100% жетеді.

Биыл 190 мың жас – колледж студенті атанды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мыңға ұлғайтылған. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды. Ал 10 мың студент кәсіпорын өтінімі бойынша білім алады. Сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.