Хабар телеарнасы

Мұғалжар ауылы көгілдір отынмен қамтылады

Ұзақ жылдан бері газ желісіне қосылмай тұрған елді мекенге 40 шақырым қашықтықтағы Ембі қаласынан құбыр тартылып жатыр. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 800 млн теңге. Ал ауылішілік жұмысы аяқталған. Газ келсе, мұндағы 300 астам үйдің 250 желіге қосылуға дайын. Жалпы облыс бойынша биыл 9 мыңнан астам тұрғыны бар 12 елді мекенге газ құбырын тарту жоспарланған. Бүгінде өңірдегі елді мекендердің 47% көгілдір отынмен қамтылған. 

Дәулетжан Күзенбаев, Мұғалжар ауылының тұрғыны: 
- Мынау газ деген ең өзекті мәселе. Отын жеткізбейді қыстайлыққа. Талай кісілер сол отын жеткізе алмай, үй салқын болған соң көбі көшіп кетті. Қазір соның өзінде 250-300-ге жуық үйлер қалды. Газ келеді дегенде өте қуандық біз.