Хабар телеарнасы

«Қазақстан» шахтасындағы өрттің себебі анықталды

Қарағанды облысына қарасты «Қазақстан» кен орнында болған өрттің себебі анықталды. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, жалын алғашында тасымалдау лентасынан тұтанған. Кейін көмірге көшіп, ұзақ уақыт бойы жанған. Шахтаны басқан көк түтін құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтау жалғасып жатыр.

Еске салайық, 17 тамыз күні «Қазақстан» шахтасында өрт болып, 5 кенші қаза тапқан еді.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: 
- Шахтада біз енді іздестіру жұмыстарын аяқтадық. 5 адам табылды. Олардың мәйіттері өздерінің туыстарына берілді. Қазіргі таңда шахтада құтқарушылар мен өрт сөндіру жұмыстары атқарылуда.