Хабар телеарнасы

633 млн теңге бөлінеді: ТЖМ авиация паркі жаңа аппараттармен толығады

Төтенше жағдайлар министрлігінің авиация паркі 5 әуеден су шашу құрығысымен және 71 ұшқышсыз ұшу аппараттарымен толығады. Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулығы қол қойды.

Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен 633 млн теңгеден аса қаражат бөлінбек. Айта кетейін, Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағында 27 дрон, ашық су қоймаларынан су алып өртті сөндірітін 12 құрылғы бар. Жиыны саладағы авиация паркі 34 әуе кемесінен тұрады. Дегенмен биылғы орман өрттері мен өзге де төтенше оқиғалар олардың жеткіліксіз екенін көрсетті. Еске сала кетсек, жыл сайын шамамен 1 мыңға жуық орман және дала өрті, сондай-ақ 4-мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.