Хабар телеарнасы

Павлодарда жалған шот-фактура жасағандар сотталды

Павлодарда 18 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген қылмыстық топ құрықталды. Олар 4 жыл бойы кәсіпкерлерге 7 млрд теңгеге жуық соммаға салық төлеуден жалтаруға көмектескен. Қылмыстық топтың қызметін 225 кәсіпорын пайдаланыпты. Оның ішінде энергия тасымалдаушы компания да бар. Ол өз шығындарын асыра көрсетіп, электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген. Қазір барлық кәсіпорынның тіркеуі заңсыз деп танылып, 560 млн теңгеден астам сомаға салық төлеу керектігі туралы хабарлама жіберілді. Ал электр энергиясын тұтынушыларға 580 млн теңгеден астам сома тариф қайтарылды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі: 
- Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде қалған мүшелері 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.