Хабар телеарнасы

Алматыда газ балонының жарылысынан екі адам ауруханаға түсті

Алматы облысының Тұздыбастау ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті. Ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Самат Кенжехан растады. 42 жастағы әйел адам мен 22 жастағы ержігіт «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына» жатқызылған. Әйел адамның бет, мойын, аяқ-қолы мен тыныс алу жолдарын күйік шалған. Ал ер адамның аяғы күйген. Қазір екеуі де травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Мамандар жарылыстың мән-жайы анықтауда.