Хабар телеарнасы

СҚО шаруалары тамшылатып суару технологиясын енгізе бастады

Солтүстік Қазақстан облысының шаруалары ылғал сақтап, тамшылатып суару технологиясын енгізе бастады. Былтыр мұндай алқаптардың көлемі екі мың гектар болса, биыл ол екі есе артқан. Шаруалар жаңбырлатып суаратын ақылды құрылғыларды да орнатуда. Ол суды үнемдеп қана қоймай, жұмыс күшін азайтуға мүмкіндік береді. Бақша дақылдарымен көкөністерді дұрыс баптап-күтудің арқасында өнімдердің шығымы да жақсарған. «Ал бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», — дейді жауапты мамандар. 

Мейрам Меңдібаев, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
-Климатқа қарасақ, мына төрт жыл құрғақшылық болып жатыр. Енді соған шаруашылықтар көп жұмыс жасап жатыр. Қазіргі уақытта бізде үлкен бес жоспар, мынау суармалы жерлерге жүріп жатыр. Оған мемлекет арқылы 3,2 миллард теңге қаражат бөлінді.