Хабар телеарнасы

Ақкенттегі өрт: өрттен зардап шеккендердің жағдайы тұрақты

«Ақкент» шағын ауданындағы тұрғын үйдегі өрт кезінде терезеден секіріп кеткен 35 және 19 жастағы екі әйел жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Науқастардың жағдайы тұрақты. Олар барлық қажетті медициналық көмек алуда. Сондай-ақ жансақтау бөлімінде жатқан бала да токсикология бөліміне ауыстырылды. Ауруханада стационарлық ем қабылдап жатқан басқа да зардап шеккендердің жағдайы жақсы», — дейді дәрігерлер. Алдағы күндері олар ауруханадан шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, бірінші тамыз күні Ақкент шағын ауданындағы 54-ші үйде болған өрттен 49 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты.