Хабар телеарнасы

Ақтөбеде сұйылтылған газ тапшы

Жанармай іздеген жүргізушілер бекеттерді аралап, сабылып жүр. Көбінде пропан газы таусылған. Кейбір бекеттерде ұзын сонар кезек. Жергілікті әкімдік өкілдері өңірдегі 52 мыңнан астам автокөлік газбен жүретінін айтып отыр. Ай сайын кемінде 14 мың тонна сұйылтылған газға сұраныс бар. Алайда құзырлы министрлік тарапынан тек 10-12 мың тонна бөлінеді. Сондықтан мұндай жағдай ай сайын қайталанады. Шенеуніктер мәселе ертең шешіледі деп сендірді. 

Нұртай Сертаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:                                                                        
-Энергетика министрлігімен Ақтөбе облысына ағымдағы жылдың тамыз айына 12 394 тонна мөлшерде көлем қарастырылған. 1-2 тамыз жағдайы бойынша 3 зауыттан сұйылтылған газ жөнелтілуі 463 тоннаны құраған. Сонымен қатар қазіргі таңда 31 вагон-цистерна тұратын, жалпы көлемі 1116 тонна сұйылтылған газын қалыптастырылған. Аталған көлем облысқа жақын арада жеткізілетін болады.