Хабар телеарнасы

«СК-Фармация» дәрі-дәрмек бағасын көтермек

Елімізге дәрі-дәрмек жеткізетін «СК-Фармация» компаниясы препараттардың бағасын көтермек ниетті. Бірыңғай дистрибьютор жобаны ашық тыңдауға шығарды. Қоғамдық ұйым мен құзырлы органдардың өкілдерімен болған кездесуде компания қызметкерлері бұған логистиканың күрделенуі мен өнімді сақтаудың қиындығы сеп болып отырғанын айтты.

Одан бөлек импорттық дәрілер де қымбаттаған. Осылайша олар дәрі-дәрмек бағасын орта есеппен 10% көтеруді ұсынып отыр. Бірақ мұның жекеменшік дәріханаларға еш қатысы жоқ. Себебі баға мемлекеттік сатып алу аясында өзгереді. Аталған компания мемлекеттің тапсырысы бойынша жыл сайын 300-400 млрд теңгеге 1,5 мың түрлі препарат сатып алады. Олардың 60% отандық өндірушілердікі болса, қалғаны импорттың үлесінде.

Нұрбек Дүсіпов, ҚР ДСМ өкілі: 
- Қымбаттату болған кезде халықтың ақшасынан болмайды. Ол мемлекеттің ақшасынан болады. Ол қымбаттауы мүмкін немесе қымбаттауы мүмкін емес оны біз әлі талқылап жатырмыз. Ол қазір ұсыныстар ескертіле берсе, төмендеуі де мүмкін. Ол әлі қазіргі жоба.