Хабар телеарнасы

Оралда 18 үйдің тұрғындары ыстық сусыз отыр

Екі ай бұрын жылу қазандығында болған апат осындай келеңсіздік тудырған. Желілерді жаңғырту жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға аптап ыстықта қиын соғып тұр. Өткен жылыту маусымында қаладағы желілерде 20 астам апат болған екен. Оған құбырлардың тозуы себеп. Мамыр айында №3 жылу қазандығы істен шыққан. Қазір сол желі жөнделіп жатыр. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тиісті жұмыстардың 70% орындалған.​

Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары: 
- Көктемде болған жағдайға байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Егер жобалық-сметалық құжаттар жасап, оны сараптамадан өткізіп, жүзеге асыратын болсақ, жылыту маусымына үлгермейміз. Сол себепті жылу жүйесін міндетті түрде шұғыл қайта құруға мәжбүр болдық. Пагонный метр тұрбалары толықтай ауысады және сыртына гидротепло изолирующиймен қамталатын болады.​