Хабар телеарнасы

Степногорск қаласына су берілді

«Магистральді су құбыры жөнделіп, тұрғындарға тіршілік нәрі берілді», - дейді қала әкімі.

Еске салайық, шаһардағы су құбыры жарылып, 400 жуық тұрғын сусыз қалған еді. Қазір апат болған жерлерде сала мамандары әлі де жұмыс істеп жатыр. Ал тозығы жеткен құбырларды ауыстыру үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, бюджетке өтінім берілді. 

Алпысбай Қайыржанов, Степногорск қаласының әкімі: 
- Елудей құбыр жарылған жерлерде жөндеу жасалынды. Осы жұмыстар қысқаша жөндеу жұмыстарына кіреді. Неге десеңіз, қысым жасау үшін жарылған жерлерді жасап, трассаның іштегі қысымы көтерілді. Бүгінгі күні қаланың халқына 100% су жеткізіледі.