Хабар телеарнасы

Алматыда халықаралық цирк фестивалі өтіп жатыр

Әлемнің 15 елінен келген өнер иелері қатысуда. Биыл Қазақ мемлекеттік циркінің құрылғанына 53 жыл толып отыр. Фестивальдың ашылуына мерейлі мерекеге тұспа тұс келді. Онда эквилибристер, акробаттар, арқанмен жүрушілер, сайқымазақтар, атты-акробатикалық топ өнер көрсетуде. Үздік қойылымдарды көрермендер тағы бір ай тамашалай алады. Қорытынды шоу 27 тамызға дейін өтеді.

Марина Редько, Бас режиссёр:
-Фестивальға ұсынылған нөмірлер бірінен-бірі асып түседі. Оны тек келіп көру керек. Біздің тұрғындарға бұл керемет мүмкіндік. Әлемнің ең үздік деген цирк өнерінің артистері түгелдей Алматыға жиналды. Цирк өнерінің жанры түгелдей қамтылды. Айта кетейін, жарты ғасырылық тарихы бар Алматы циркінде мұндай халықаралық дегейдегі шара алғаш рет өткізіліп отыр.