Хабар телеарнасы

«Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

45 күн болды, «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт әлі сөндірілген жоқ... Жеке серіктестік газ фонтанын жоюға, қазірдің өзінде 300 млн теңгеден аса қаржы жұмсаған. Шығын көлемі тағы да артуы мүмкін. Мамандардың болжауынша, өрт қыркүйекте сөндірілуі мүмкін. Ол үшін ұңғыма маңында 2 бұрғылау алаңы салынып, құрал-жабдықтар жеткізілген. Экологтар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің өкілдері: «Жағдайды жіті бақылауда ұстап отырмыз. Ал қоршаған ортаға келтірілген залалды, жалынды өшірген соң ғана есептей аламыз»,— дейді.