Хабар телеарнасы

Шетелдік мыңға жуық автокөлік уақытша тіркелді

Бұл туралы Әкімшілік полициясы комитеті басқарма бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиев мәлімдеді. Ағымдағы жылдан бастап көлік құралдарын тіркеу жүргізіліп жатыр. 200 мыңға жуық көлік құралы нақты есепке қойылса, оның 15 мыңы елімізге бөлшектеп әкелініп, құрастырылған көліктер. Ал уақытша тіркеу 17 шілдеден басталса, қазір мыңы тіркелді. Барлық тексеруден өткен 1 мың 500 автокөлік тіркеуге дайын тұр.

Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы орынбасары:
-Қаңтар айынан бастап көлік құралдарын тіркеу жүзеге асырылып жатыр. Олар барлық тексеруден өтіп, арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды беруге дайын отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, көлік құралдарын тіркеуге қоюға шақырамыз.