Хабар телеарнасы

Алматылық парфюмер «Алматы апорты» иіссуын жасады

Алматылық парфюмер Гүлжан Түзелбаева жақында осындай иіссу жасады. Оған франциялық мамандардың өзі жоғары баға берген. Одан өзге «Алматы раушаны», «Жусан» деп аталатын коллекциясы бар. «Жас ғалым әр өңірдің өзіндік табиғатына сәйкес парфюм шығарсам», — дейді. Біздің елде мұндай мамандыққа оқытпайтындықтан, бойжеткен иіссудың отаны Франциядағы парфюмериялық институтта оқып шығады. Қазір зертханалық жұмыстарын Сәтбаев университетінде жалғастырып жатыр. Бүгінде Гүлжан 60-қа жуық әтір жасады. Арасында хош иісті балауыз бен үйге арналған жұпар бар. Алдағы уақытта жас ғалым зауыт ашып, айына 10 мың дана парфюмериялық өнім шығармақ.

Гүлжан Түзелбаева, жас ғалым:
-Маған парфюмның хош иісі бұрыннан ұнайды. Есімімді де Гүлжан деп тегін қоймаған шығар. Иісінен-ақ кез-келген гүлді ажыратып айтып бере алам. Алматы апортымен, жайқалған гүлімен танымал. Соны брендке айналдырғым келеді. Әрине жұмыс оңай емес. Шикізаттың біразын Франциядан алдырамыз. Концентраттың бір бөлігі осында жасалады.