Хабар телеарнасы

Алатауға өрт қауіпсіздігін қадағалушы әмбебап дрон ұшырылды

Сол арқылы төтенше жағдайлар қызметі таулы, орманды алқапты бақылай алады. Ұшатын құрылғының басты артықшылығы арнайы тепловизор орнатылған. Ол тау бөктеріндегі оттың орнын анықтай алады. Жыл басынан бері рұқсатсыз от жаққан 92 адам анықталып, 5 миллион теңге айыппұл салынған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аталған дронмен жоғалған туристерді тәулік пен ауа райының кез келген уақытында жылдам табуға болады. Оған қоса жарақат алғандарға дәрі-дәрмек те жеткізіп бере алады екен.