Хабар телеарнасы

206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қазақстандық есепке қойылды

Оның басым бөлігі Кеден одағындағы 3 елге тиесілі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Мәселен, Ресейден әкелінген 136 мыңнан астам автокөлік тіркелсе, Армениядан келген 7 мың автокөлік есепке қойылған. Ал көршіміз Қырғызстаннан – 22 мың. Республика бойынша автокөліктердің ең көп бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Олардың саны – 21 мыңнан жоғары. Ал Ақтөбе облысында – 20  876. Шымкентте 15 мың болса, Батыс Қазақстан облысы мен Атырауда 14 мыңнан. Қызылорда облысында тіркелген көлік саны – 13 695. Өтінімді уақытылы берген, бірақ автокөліктерді заңдастырып үлгермеген азаматтарға белгіленген мерзімнен кейін де заңдастыруға мүмкіндік беріледі.

Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
-Ішкі істер министрлігі заңдастыру кезінде жолдауда белгіленген талаптарды басшылыққа алғанын атап өткім келеді. Заңдастыруға, бірінші, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автокөліктер. Екінші, қылмыстық іздеуде болмаған автокөліктер. Үшінші, кедендік тазартудан өткен автокөліктер жатады. Нәтижесінде 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік қазақстандық есепке қойылды.