Хабар телеарнасы

Мемлекеттік аудиторлар қаржылық былықтарға көз жұма қараған

Жемқорлық фактісін тексеретіндердің өзін тексеретін заманға жеттік. Алматы, Жетісу мен Түркістан облысының білім беру саласындағы қаржылық былықтарға мемлекеттік аудиторлар көз жұма қараған. Нақтырақ айтқанда анықталған қылмысты жасыру үшін өздері пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді. Тергеу материалдарына сәйкес, бюджет қаражаты мектеп қызметкерлеріне негізсіз түрде қомақты жалақы тағайындау арқылы шешіп алынған. Тіпті салаға қатысы жоқ жандарға да айлық төлеп, қаржыны өздеріне алып отырған. Ал бұл қылмысын жасыру үшін аудиторларға 500 мыңнан 26 млн теңгеге дейін пара берген. Күдікті инспекторлар ұсталып оларға қатысты тергеу жүргізілуде.