Хабар телеарнасы

Атырауда электр энергиясы тапшы

Тозықтан озық жасаймыз деген шенеуніктерге сенуге бола ма? 

Апаттық жағдай кезінде Атырау жылу қуат орталығындағы энергия өндірісі бірден 180-нен 65 мгВТ сағатқа төмендеген еді. Бұл облыстың жарықсыз қалуына тікелей әсер етті. Қазір жағдай реттеліп келеді.

Ақсот Әленов, жылумен қамту компаниясының басшысы:
-14 бу қазаны бар. Қазір 9-ы жұмыс істеп тұр. 3-күрделі жөндеуде 2-і резервте. 11 турбинаның 9 жұмыс істеп тұр. Стансамыздың 12-ші турбинасының қуаты 100 мегаВТ. 9 шілдеде іске қостық.

Атырау облысында 15 мың шақырымнан астам электр желісі бар. Оның 40% тозып тұр. Соңғы 4 жылда жергілікті электр тасымалдаушы компания өзінің теңгеріміндегі желілерді жаңалауды қолға алған.

Мейірбек Ғұбашев, өңірлік электр желілері компаниясының басшысы:
-0,4 киловольттан 110 киловольтқа дейін. Биыл 2023 жылға сол әуе желілерінің 819 шақырым жоспарда. Қазіргі таңда 400 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарын жасадық. Қыркүйектің аяғына дейін сол жұмыстарды 100% аяғына жеткіземіз.

Энергетика саласының жәй-күйін көзімен көрген Парламент депутаттары күрмеуі қиын істің шешімін табу үшін қолға алынған жобалармен таныстырды. «Биыл 2 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Оның алғашқысы қазан айында аяқталуы тиіс», — деді депутат Тұрғанов.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
-220 киловольттық кернеуі бар линиялардың өткізу қабілетін 100 мегаВТ-тан 200 мегаВТқа дейін жеткізу. Сонда өткендегідей апатты жағдайлардан біз сақтанамыз. Екінші жоба 2028 жылға дейін созылады. Ол мына батыс электр желілерін Қазақстанның біріккен электр желісіне қосу. Онда біраз мәселелер шешілейін деп тұр. Ол жерде резервте пайда болады.

Атырау облысы жазғы маусымда шамамен сағатына 550 мегаВТ электр энергиясын тұтынады. Әзірге оның 414 МегаВТ-ы ғана өндіріліп отыр. Қосымша сағатына 110 мегаВТ қуат беретін 2 жел электр стансасының құрылысы қолға алынған. Сондай-ақ биыл ЖылуҚуат Орталығында әрқайсысы 65 мегаВТ-тық екі қондырғы іске қосылады деп жоспарланған.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов