Хабар телеарнасы

Ұлытау облысында 4 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Жезқазған қаласын жылу және сумен қамтитын кәсіпорын мемлекетке осынша шығын келтірген. Бұл заң бұзушылық облыстық прокуратура, жемқорлыққа қарсы қызмет және әкімдік мамандарының бірлескен тексерісі нәтижесінде анықталды. Монополист компанияны сенімгерлік басқаруға алғандар кәсіпорын жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмаған. Енді кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. 

Гүлнұр Сүлейменова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі офицері:
-Қазіргі уақытта кредиторлық берешектерді, оның ішінде бизнес өкілдерінің алдындағы берешектерді өтеуге бағытталған жұмыстар аясында 3 млрд теңгеден астам қаражатты қайтару қамтамасыз етілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сенімгерлік басқарудан сумен, жылумен жабдықтау кәсіпорнын мемлекетке қайтару сұрағы қазіргі таңда қарастырылуда.