Хабар телеарнасы

Қазақстан әскерінің қауқары қандай?

Қазақстан армиясы 2018 жылы 136 елдің арасында үздік 50 елдің қатарына кірген болатын. Былтыр 54 орын болса, биыл 63 орын бұйырған.

Дегенмен Қорғаныс министрлігі қазақ әскерінің қауқары едәуір өскенін айтады. Тәуелсіздік алғалы әскери техникамыз қанша процентке жаңарды?

Диана Қадыр, тілші: 
- Ел қорғаны – ержүрек сарбаздар. Бұл азаматтар Отан алдындағы борышын өтеу жолында сапқа тұрып, әскери міндетін атқарып жүргендер. Бұл темірдей тәртіпке бағындырып, азамат қылып қалыптастыратын мектеп.

Нұрқазы Медетбек, қатардағы жауынгер: 
- Менің бұл жақта түсінгенім – әскерде тәртіпке үйренесін. Көп нәрсенің қадірін білесің. Өзім осы десанттық шабуылдаушы әскеріне келгім келді.

Әлімжан Ермеков, қатардағы жауынгер: 
- Әскери қызметте ешқандай қиыншылық жоқ. Төзе білген адамға. Мен мақтанамын пулемётчик болғаныма. Атқан кезде тез атылады. Жаудың көпшілігіне тойтарыс беретін қару. Қазіргі таңда жаңа тактикалық өзгерістер бар бізде.

Сен тұр, мен атайын. Бұл сарбаздардың шапшаң жылдамдықпен жасалатын әскери жаттығу кезінде сөзсіз түсінетін әрекеттері. Бір жылда шымыр әрі шираған сарбаз болады. «Ішкі мәдениетінің қалыптасуына қазіргі әскердің көмегі зор дейд»,- дейді батальон командирының орынбасары. 

Азат Ұсқынбаев, батальон командирының материалдық - техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары: 
- Сабақ кезінде келіп тәжірибеден өтеді. Жазда полигонға шығамыз. Жауынгерлік техника «кобра» деп аталады. Экипажда 7 адам отырады. Қазіргі соғыстар қаланың ішінде болады ғой, қаланың ішінде жылдам қозғалғаны, бұрылғаны өте жылдам. Жүргенде жол таңдамай жүреді. Біздің әскери бөлімде БТР, камаз, «Арлан» техникасы бар.

Түрік елінен бұл техникалардан бөлек, жоғары жүк тасмалдайтын ұшақтар мен ұшу аппараттары жеткізілген.

Одан бөлек, Қытай, Израиль, Еуропаның бірнеше елдерінен әскери техникалар әкелінді. Көршіміз Ресеймен алыс-беріс жиі болатын. Енді отандық өндірісте әрекетке көшкен. Қолда бар қару-жарақ пен әскери техниканың 50% жуығы өзімізден өндірілген. Ал оқу-жаттығу бойынша жайдай былай: 

Руслан Жангулин, ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары: 
- Жалпы АҚШ, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан, Корея сияқты республикалармен екіжақты тығыз қарым-қатынас орнатылған. Осының аясында түрлі оқу - жаттығулар өткізіп келеміз. Халықаралық армия ұйымдары деген бар. Әлемнің көптеген ұйымдары қатысады. Біздің нәтижелеріміз айтарлықтай жоғары деуге болады. Жыл сайын үштіктердің қатарына еніп жүрміз.

Бақытжан Ертаев, Халық қаһарманы: 
- Мен бір жыл шынымды айтайын, келіспеймін. Бір жылда Отан сүюді білмейді. Мынаны 1 жылда үйретуге болмайды. Армияда шебер болу керек. Армияда шебер танкер болуы керек. Ол барады ақсақал болып, 27 жаста, 30 жаста. Десант оған, сенің әкең кім? -Кәсіпкер. Әкең ақша жіберсін. Міне, осыны неге айтпаймыз біз? Неге осыны тоқтатпаймыз? Өтірік айта берсек, біз тәрбиелей алмаймыз.

Расында соңғы жылдары әскер қатарында жүріп мерт болып жатқандар аз емес.

Өкінішке қарай, жарғыдан тыс әрекеттер әлі де кездесіп тұрады. Қорғаныс министрлігі бұл кемшіліктерді жою үшін де жүйелі жұмыстарды қолға алған. Ендеше болашақта тәртібі мықты, техникасы талапқа сай әскеріміз ел қорғаны боларына сенім мол.

Авторлары: Диана Қадыр, Алібек Алиев