Хабар телеарнасы

Индонезия жаңа астанасын салуға қазақ инвесторларын шақырады

Елордада Нусантара қаласының таныстырылымы әрі Индонезия инвестициялық форумы өтті. Меймандардың сөзінше, елдің жаңа орталығы 65% орманнан тұрады. Шаһар туризм, білім, әкімшілік, қаржы және инновация секілді 6 аумаққа бөлінеді. Индонезия тарапы Нусантараны тұрғызуда Астанадай жаңа қала салған Қазақстанның тәжірибесі мол деп санайды. Сол үшін де елорданы аралап, оның бас жоспарымен танысқан.

Айта кетейік, Индонезия ел астанасын Джакартадан Калимантан аралына көшірмек. Алғашқы тұрғындар алдағы жылы қоныстана бастайды.

Бамбанг Сусантоно, Нусантара астаналық басқармасының төрағасы:
- Бізге жасыл энергетика, көлік жүйесі, телекоммуникация және smart city салаларына инвестиция керек. Сондықтан Қазақстанның кәсіпкерлерін жаңа қалаға қаржы құюға шақырамыз. Шаһардың іргетасы 2024 жылы қаланғанымен, оны толық дамыту бағдарламасы 20 жылға созылады. Осы сапарда Астана қаласының жобасымен танысып, құрылыстағы тәжірибесін меңгереміз.