Хабар телеарнасы

Алматыда айт мерекесіне орай 10 мешіттің ауласына киіз үй тігілді

Алматыда айт мерекесіне орай 10 мешіттің ауласына киіз үй тігіліп, осында келген ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға айт дастарханы жайылған. Қарттар үйі мен балалар үйіне айт қоржындары жіберілді. Құрбан айттағы ең сүйікті амалдың бірі – құрбандық шалу. Қалада құрбандыққа шалынатын малды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 14 орын бекітілген. Сондай-ақ онлайн түрде құрбандыққа тапсырыс беру «qurban2023.kz» сайты арқылы жүзеге асырылды. Құрбандық етін алуға өтініштер де осы портал арқылы қабылданады.

Төле Би Оспан, Алматы қаласының бас имамы:
-Отбасылық мереке екенін де ұмытпағанымыз жөн. Осы мерекені сезінбеген отбасы мүшелері қалмауы керек. Балалар, ата-аналар, ағайын, туыс-туысқандарымыз және осы күндері бұл мереке болғандықтан ренжісіп қалғандар, араз болғандар осы күні татуласып, мерекенің имандылық сән-салтанатына сай атап өтуге тырысқаны жөн деп білеміз.