Хабар телеарнасы

Ұлытау облысындағы кейбір аудандарда үй бағасы шарықтап тұр

Ұлытау облысындағы кейбір аудандарда үй бағасы шарықтап, Астана мен Алматы пәтерлерімен теңескен. Мұны Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты. Өңірдегі пәтердің 1 шаршы метрі 290 мың теңгеден 365 мың теңгеге дейін өскен. Ал қарқынды үй құрылысына жылу құбырының жетіспеуі кедергі. Мәселен, былтыр 34 пәтер дайын болғанымен, қасындағы үйлерге жылудың қуаты жетпегендіктен, қолданысқа берілмеген. Одан бөлек, Облыстағы бірнеше ауданда жарық жүйесі толық, су құбыры 73% ескіріп, 20 жыл жөндеу көрмеген. Ұлытау облысындағы жарық жүйесі, кезінде мемлекеттік балансқа да алынбаған. Әкімнің айтуынша, ендігі шаруа былай: 

Берік Әбдіғалиұлы,  Ұлытау облысының әкімі: 
- Жарық, тоқ мәселесі тек ғана Жаңаарқа емес, Ұлытау ауданы бойынша да әбден тозған. Жаңаарқа бойынша барлық тоқ жүйелері балансқа алынып жатыр. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тоқ тасымалдайтын ұйым. Үлкен компания, соның өз қарамағына алу жұмыстары жүріп жатыр. Соның алдындағы бүкіл қарызын, халықтың қарызын бюджеттен шешіп, толықтай токпен қамтамасыз етуді шешу жоспары тұр.