Хабар телеарнасы

Астанада халықаралық волонтёрлар форумы басталды

Шараға 400-ге жуық ерікті қатысып жатыр. Ал олардың 100-ден астамы халықаралық ұйымдардың мүшелері мен шетелдік қатысушылар. Жиналғандар өзара тәжірибе алмасып, саладағы түйіткілді мәселелерді талқылайды. Екі күнге созылатын форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп жоспарланған. Мемлекет басшысы бұған дейін Біріккен Ұлттар ұйымының мінберінен Халықаралық волонтёрларды жинау туралы бастама көтерген еді. Соған байланысты былтыр Орталық Азия волонтёрлар форумы өтті. Биыл, міне, Халықаралық волонтёрлар форумы өтіп жатыр. Айта кетейік, 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланды. Елімізде волонтёрлық қызмет туралы Заң да бар. 

Данияр Қадыров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
-Қазақстанда соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есе көбейді. Мысалы үшін 2019 жылы волонтерлік ұйымдар саны 50-ден асса, қазіргі таңда олардың саны 680-ге келіп отыр. 2019 жылы 50 мың волонтер саналса, қазір Қазақстан бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асып отыр.