Хабар телеарнасы

Ақтауда Ұлттық ұлан дайындығын пысықтады

Оқу-жаттығуда сарбаздар алдына қойылған міндет - түзету мекемесін қорғау, сотталушылардың қашып шығуына жол бермеу. Жедел мақсаттағы батальон, рота жауынгерлері мен командирлерінің бірлескен жаттығуы қаладан 15 шақырым жердегі полигонда өтеді. Бұл жолы жеке құрам ереуіл кезіндегі қарулы топтың бетін қайтару тәсілдерін де қайталады. Тактикалық дәріс соңында Ұлттық ұлан жұмысы барлық ережеге сай деген баға берілді. Ақтаулық жауынгерлер 20-24 маусым аралығында Қарағанды қаласында өтетін әскери жиынға қатысады. 

Әліби Алмағанбетов, ҚР Ұлттық ұланы №6656 әскери бөлімінің рота командирі:
- Жинаған білімімізді практикада тексеру. Сынау және сондай-ақ біздің қарумен, оқ-дәрілермен басқа да заттармен жұмыс істеген кезде өз бойында сенімділікті арттыру мақсатында осы оқу-әдістемелік жиын өтуде.