Хабар телеарнасы

Ұстаз ақысы қалай есептелмек?

Ұстаздардың жоспарлы еңбек демалыс ақысы мен сауықтыру жәрдемақысы дұрыс есептелуі керек. Заңға сәйкес 56 күнтізбе күні 12 айға бөлінеді де, жұмыс істелген 9 айға көбейтіледі. Аптаның 6 күнінде жұмыс істегендерге 42 күн еңбек демалысы ретінде беріледі. Ал 5 жұмыс күндері үшін 39 күн бекітілген. Яғни нормативтік жүктемеге байланысты, орташа бір күндік еңбек ақы 21 мың теңге болса, 39 күн үшін 800 мың теңгеге жуық еңбек демалысының ақшасы төленеді. Одан бөлек, соңғы бекітілген жалақы бойынша сауықтыру жәрдемақсы беріледі. Барлық ақшалардан салық ұсталмақ. Ал директор, әдіскер, әлеуметтік педагог, психолог үшін лауазымдық жалақысының мөлшері базалық коэффициентке көбейту арқылы есептеледі.

Гүлайым Тоқпанова, Оқу-ағарту министрлігі еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы:
-Педагог қаңтар айында жұмысқа тұрса, 5 ай жұмыс істеген болып есептеледі. Оның еңбек демалысын жаңағыдай формуламен есептейміз. 56-ны 12-ге бөліп, 5-ке көбейтеміз. Сонда 24 күн берілетін еңбек демалысының мерзімі шығады. Еңбек демалысының күндері толық болса, берілетін қаржы көлемі дұрыс есептеледі.