Хабар телеарнасы

Сергей Архиповтың өлі денесі табылды

Өкінішке қарай 10 маусымнан бері хабарсыз кеткен Бесқарағай ауданы, Долон ауылының тұрғыны Сергей Архиповтың өлі денесі табылды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Айтуларынша ер адамның денесі оқиға аумағынан 50 шақырым жерде қызметтік иттің көмегімен табылған. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ, күйік шалмаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша, процестік шешім қабылданатын болады.