Хабар телеарнасы

Экологтар: Алапат өртті ауыздықтаудың қиынға соғуы — техниканың тапшылығы

Алапат өртті ауыздықтаудың қиынға соғуы — техниканың тапшылығы. Бұл — экологтардың пікірі. Тиісінше Қарағай ағашының ыстық күнде жану жылдамдығы өте жоғары болады. Ал оның жалынын өшіру үшін көп техникалар жақын бара алмайды. Өйткені жол жоқ.  «Сондықтан мұнда қазір тек тікұшақтарды көбейтудің маңызы зор», — дейді мамандар. Ал орманшылар болса, өртенген орманды қайта қалпына келтіруге шамамен жарты ғасыр уақыт керек деп отыр. Олардың пікірінше мұндай төтенше оқиғалардың орын алуына көбіне адамдардың өрт қауіпсіздігін сақтамаулары себеп. Жаз мезгілінде табиғат аясына шығып, демалатындар да көбейеді. Сондықтан мамандар азаматтарды сақ болуға шақырады.

Ғабит Оразбеков, «Астана орманы» ЖШС бөлім басшысы:
-Орманға барып табиғатта отырған кезде өрттің қауіпсіздігін сақтаған дұрыс. От жақпауды сұраймыз сіздерден. Көріп тұрсыздар ғой бір өрттің кесірінен жарты ғасырдан көп адамдардың еңбегі зая кетті деуге болады.