Хабар телеарнасы

Мешітті тонаған ұры ұсталды

Ертіс өңірінде ауыл мешіттерін тонаған күдікті ұсталды. Ер азамат садақа жәшіктері мен сейфтерде сақталған қаражатты қолды қылған. 27 жастағы қарағандылықтың бір емес, бірнеше мешіттен ақша ұрлағаны анықталды. Күдікті 440 мың теңгені қалтасына басқан. Полицейлердің хабарлауынша, азамат теріс діни ағымды ұстанушы болып шыққан. Қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.