Хабар телеарнасы

Ақтауда жағажай суы қара түске боялды

Тұрғындар қолқаны қабатын жағымсыз иісті байқап, әлеуметтік желіге әуесқой түсірілім жариялаған. Көп кідірмей экологтар аумақта бақылау шарасын жүргізіп, «Бұл өзгеріске осы маңға жылдар бойы жиналған теңіз балдырларының шіруі себеп» деген қорытындыға келді. «Су түсінің өзгеруіне Каспий түбіндегі лайды күшті толқындар көтеруі де әбден мүмкін»,- дейді.

Руслан Төкенов, облыстық экология департаментінің басшысы: 
- Мамандар барып, қарап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оның табиғи құбылыс екені анықталды. Қазіргі кезде қосымша сынамаларды алдық. Жалпы ол жер рекреациялық аймақ болып табылады. Яғни ол жерде қандай да бір шаруашылық қызметі, басқа да үлкен зауыт ештеңе жоқ. Жазда адамдардың демалатын жері.