Хабар телеарнасы

Алматы облысында көміртегі тотығынан уланған 5 адам ажал құшты

Ыстан уланған әйел, Алматы облысы Шамалған ауылындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Жағдайы қалыпты. Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырда Қарасай ауданы, Көлащы ауылында бір отбасының бес бірдей мүшесі көз жұмды.. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 1984 жылғы ер адам мен оның төрт баласы көміртегі тотығынан уланған. Ал аман қалған әйелге дәрігерлер медициналық әрі психологиялық көмек көрсетіп жатыр. 

Нұрсұлтан Жүзбеков, Қарасай аудандық көпсалалы аурухананың бөлім меңгерушісі:
-Науқасты жалпы палатаға, саматика бөліміне ауыстырамыз. Егер жағдайы осылай тұрақты, қалыпты болатын болса мүмкіндігінше 3-4 күнде не болмаса 5 күнде ауысуы мүмкін.