Хабар телеарнасы

Қазақ армиясындағы ең бойшаң сарбаз борышын Ақтауда өтеп жатыр

Теңіз жаяу бригадасының қатардағы жауынгері Денис Балюктің бойы - 2 метр 8 сантиметр. Оған 49 размерлі аяқ киім мен әскери форма арнайы тапсырыспен тігілген. Өзінің айтуынша, әкесі мен апасының бойы 2 метрге жуықтайды. Қостанай өңірінің тумасы армияға дейін колледжде механизатор мамандығын оқыған. Қазір 20 жаста. Ол жастайынан баскетбол, волейбол ойнайды. Түрлі жарысқа қатысып, командасының жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан спортшы. Бойшаң жауынгерге асханада 2 адамның тамағы беріледі. 

Денис Балюк, қатардағы жауынгер:
-Бала кезімнен бойым ұзын. Мектепте, колледжде саптың басында тұратын едім. Армияға өз еркімен келдім. Медициналық комиссиядан өту еш қиындық тудырған жоқ. Мені алғаш көрген адамдар таңырқап, қай жерден келгенімді сұрап жатады. Теңіз жаяу әскеріне қабылданғаныма қуаныштымын.