Хабар телеарнасы

Қостанай облысында 350-ден астам ірі қарадан бруцеллез анықталды

Сондықтан Ұзынкөл, Сарыкөл және Қарабалық аудандарында санитарлық шектеулер енгізілді. Шаруа қожалықтарына малды сырттан әкелуге, шығаруға тыйым салынған. Қазір ауру тараған елді мекендерде дезинфекциялық жұмыстар атқарып жатыр. Жалпы биыл аймақ бойынша бруцеллезге қарсы 240 миллион теңге бөлініп, жарты миллионнан аса ірі қараға екпе салынды. 

Айнагүл Кушубенова, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
-Мысалы, Ұзынкөл ауданындағы бір ғана шаруа қожалығының өзінен 327 ірі қарадан бруцеллез табылды. Ауру малдың көзі жедел түрде жойылды. Қазір шаруашылықта қатаң шектеулер енгізілді. Сиыр сүті тек пастерленген күйінде өңдеушілерге жөнелтіледі.