Хабар телеарнасы

Алма-Арасан шатқалында қуаты 2 балдық жер сілкінісі байқалды

Оның ошағы қаладан оңтүстікке қарай 74 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Түркиядағы жойқын зілзаладан кейін көп ел сақтық шараларын күшейткені белгілі. Іле Алатауының бөктерінде жаңа сейсмикалық бекеттер орнатылып жатыр. Жыл соңына дейін 30 станция пайдалануға беріледі. Ал елордалық ғалымдар жер дүмпуі кезінде ғимараттарды қирап қалудан сақтайтын ақылды фундамент ойлап тауыпты. Мынадай конус пішінді іргетас талай апаттың алдын алады деген сенімде. Ол топырақ, тас пен құмның кенеттен жылжуына анағұрлым төзімді болып келеді. Зертханалық сынақтар бұл әдістің әдеттегі бетонға қарағанда он есе қауіпсіз екендігін көрсеткен. Мамандардың бағалауынша, қарапайым болып көрінген бұл өнертабыс құрылыс индустриясы үшін тың жаңалық болғалы тұр. 

Абдулла Омаров, жобалық топ өкілі:
-Топырақ жылжыған нәтижесінде мына ақылды іргетас біртіндеп отырады. Сол отырған уақыттта ғимаратымыз өзінің бүтіндігін сақтап отырады. Ешқандай зиян шекпейді ғимарат. Бұл жерде бірдей болып көрінгенімен конустың градусы әртүрлі. Біреуінде 60, екіншісінде 70 градус. Үйлерден бөлек өндірістік ғимараттарда және де көпір бөгеттерінде қолдануға болады.