Хабар телеарнасы

Кеден саласында жаңа ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр

Енді шекарадан өтетін көлік бір жерден қадағаланады. Онда барлық құжат электронды нұсқада болады. Тіпті көліктің скринингі де жасалады. Бейнебақылау жүргізіледі. Қазірдің өзінде бұл жүйеге 10 өткізу бекеті тіркелген. Сенат депутаттары еліміздегі бас диспетчерлік басқармада болып, кедендік орталықтандыру жұмыстарымен танысты. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе транзиттік әлеуетті жақсартып, өту уақытын 3 есеге қысқартады. Ал кедендік мәселелер туындаса, оған байланысты шешім де осы орталықтан қабылданады.

Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Мәселе өңірлерде болатын болса, өңірлер орталыққа министрлікке комитетке жазады. Оның арасында бір 7-10 күннен асып кетеді. Ал мына жерде сондай мәселелердің бәрі талқыланады. Сондықтан да мына жерден шешім шығару оңай.