Хабар телеарнасы

Елімізде 2024 жылы әуе билеттерінің бағасы арзандауы мүмкін

Бұған FlyArystan компаниясы Air Astana-дан бөлінген соң қол жеткізіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің айтуынша, әуе компанияларының шығындарын субсидиялауға республикалық бюджеттен 800 миллион теңге бөлінді. Әлем елдерімен әуедегі қатынас қарқынды дамиды. 10 халықаралық жаңа әуе қатынасы орнайды. Мәселен, Малайзияға тікелей рейстар ашылмақ. 1 шілдеден бастап Маскат-Алматы рейсі іске қосылады. Ақтау, Түркістан және Шымкенттен шет елге ұшатын әуе рейстері де көбейеді.