Хабар телеарнасы

СҚО-да су қоймасы тасып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасы ернеуінен асып, таси бастады. Әзірге бөгет үстімен ағып жатқан ағыс 21 сантиметр шамасында. Бірақ ол күн сайын көтеріледі. Өйткені қоймаға еріген қар мен шағын өзендердің суы қосылып жатыр. Жалпы Есілдің бойы мен оның сағаларында 16 гидрологиялық бекет орналасқан. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, дәл қазір қауіп жоқ. Алайда өзен арнасынан асса, жағадағы 20-ға жуық елді мекенді су басуы мүмкін. 

Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:
-Былтыр Сергеев су қоймасы сәуірдің 18-і толған. Бөгет үстімен аққан ағыстың шегі 48 сантиметрге дейін көтерілген. Ал биыл күннің жылуына байланысты ерте тасыды. Енді ол 10 күннің ішінде Петропавлға жетеді.