Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында вирусты гепатит жұқтырғандар саны күрт көбейді

Тек соңғы екі айда 27 адам қауіпті дертке шалдыққан, оның 8-і 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылмен салыстырғанда аурудың таралу көрсеткіші 4 жарым есеге көбейген. Мұны дәрігерлер көктемнің келуімен байланыстырады. Эпидемиялық ахуал әр 5 жыл сайын қайталанып отырады дейді дәрігерлер. Індеттен сақтанудың жалғыз жолы — екпе алу және жеке гигиенаны сақтау деген ұстанымда.