Хабар телеарнасы

Қостанай облысындағы су тасқыны бірнеше елді мекенге қауіп төндіріп тұр

Еріген қар суы Қарасу, Науырзым, Әулиекөл, Сарыкөл және Жітіқара аудандарына жайылып, үйлерді су басуы ықтимал. Оңтүстік аудандардағы жағдай қалыпты. Уақытылы жүргізілген алдын алу жұмыстары нәтиже беріп, елді мекендер қызыл судан аман қалды. Жалпы тасқыннан жапа шеккендер үшін 161 эвакуациялық нысан дайындалған. Аймақта су тасқынынан қауіп сәуір айының ортасында сейіледі деген болжам бар. 

Азамат Орымбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары: 
- Келесі аптада су тасқыны бар деген Қарасу ауданына Қостанай облысынан бір құтқару жасағын жібереміз. Арнайы қайықпен, жол талғамайтын техникамен және су сорғыш құралдармен жабдықталған. Жалпы 34 елді мекен деп жоспарлап отырмыз. Егер жағдай күрделенетін болса, қауіпсіз жерге көшіретін орындар бәрі белгіленіп қойды.