Хабар телеарнасы

Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурызда жөндеу жұмысы басталады

Автобустар қаңтарылып қалмас үшін арнайы келісім жасалды. Өңірдегі ірі автобус паркін Атырау, Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары 750 тонна сұйық отынмен қамтымасыз етеді. Бағасы нарықтағыдан 30 теңге арзан. Осылайша кәсіпорын 20 млн теңгесін үнемдеп қалады. 

Мұхтар  Қоқанбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: 
- Өзіне міндеттеме алып отыр. Яғни 750 тонна жеткізіп отыру жөнінде. Ол Атырау мұнай өңдеу зауытынан алуы мүмкін. Павлодардан алуы мүмкін. Енді ол компаниялар өздерінің келісім шарттары бар басқа да мұнай өңдеу зауыттарымен. Нәтижесінде бізге толық кепілдеме беріп отыр. «Сіздерді дизель отынымен қамтамасыз етеміз, мәселе көтерілмейді»,– деп.