Хабар телеарнасы

10 күн ішінде 74 мың көлік жүргізуші жол ережесін бұзған

Бұл — «Қауіпсіз жол» республикалық жедел тәжірибелік шарасының қорытындысы. Жыл басынан бері 1700-ге жуық көлік апаты тіркеліп, 200-ден астам адам қаза тапқан, олардың 25-і — балалар. Дене жарақатын алған 2 жарым мың адамның 350-ден астамы балалар. Жол апатынын азайту үшін көлік жүргізуге елді-мекен көшелерін көрсетіп отыратын жаңа қосымша іске қосылыпты. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама 12 қалада бар.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
-Автожолдардың 4 мың шақырымға жуық авариялық қауіпті учаскелері зерттелді. Нәтижесі бойынша 600-ден астам жол белгілері орнатылды. Іс шара кезінде 2 мыңнан астам автокөлік әртүрлі құқық бұзушылық жасағану үшін айыппұл тұрақтарына қамалған. Жол апатының 95% жүргізушілердің кінәсінен орын алатыны белгілі.