Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында қарғын судан қауіп бар

Көктемгі тасқын судың алдын алу үшін өңірлерде жұмыс қызу жүріп жатыр. Қарағанды облысында 150-ге жуық елді мекен мен 100-ге жуық автомобиль жолын су басу қаупі бар. «Нұра өзенінің деңгейі белгіленген межеден 1 жарым есе жоғары», — дейді «Қазгидромет» мамандары. Ал жердің тоңы орташа есеппен 158 сантиметр. Яғни көктем жылы болып, өзендегі мұз күрт еріген жағдайда, су жерге сіңіп үлгермейді. Сондықтан қыс басталғалы облыс аумағынан шамамен 850 мың текше метр ақ ұлпа қар шығарылған. Биыл өңірде қызыл сумен күреске 3 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Ақылбек Ахметжанов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
-Самарқанд су қоймасынан секундына 3 текше метр шығын мен Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр су төгу жүргізілуде. 88 мың тонна инертті материал және 1188 техника жоғары дайындыққа келтірілді.