Хабар телеарнасы

Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды

Түркиядағы отандастарымыздың екінші тобы ИЛ-76 ұшағымен елордаға жеткізілді. 64 адамның 42-сі Қазақстан, қалған 22-сі Қырғызстан азаматы. Олар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген.

Санжар Таласпаев, Қазақстан азаматы:
- Уайымдадық, ата-анамыз да уайымдады, ата-анамыз: «Құдай біледі ертең не боларын, қайтсын», - деді. Сонымен бәріміз балалармен ақылдастық, сонымен қайтатын боп шештік. Өзіміз консульствоға жаздық, солай қайттық.