Хабар телеарнасы

Бурабай көгінде үлкен Мемлекеттік Ту желбіреді

Патриоттық шара «Отан» акциясы аясында ұйымдастырылған. Аспанға алып тудың көтерілуін жергілікті тұрғындардан бөлек, республиканың әр қиырынан жиналған еріктілер мен туристар тамашалады. Бұл көлемі жағынан үшінші үлкен ту. Бірі елорда төрінде желбіреп тұрса, енді бірі «Ашық аспан» акциясы аясында Алматы көгінде қалықтаған. 

Рамиль Набиулин, шараны ұйымдастырушы:
- Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты - мемлекеттік туды ұлықтау, жастардың бойына патриоттық сезім ұялату. Сондай-ақ көк туды көкке көтеру арқылы біз өңірдің әсем табиғатын көрсетіп отырмыз.