Хабар телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: жетімдерге жәрдем көрсетіледі

Сол бір дүрбелеңде бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым қатарынан 238 адам көз жұмды. Қолдауға марқұмдардың артында қалған барлық бала ие болады. Қазір бүлдіршіндердің саны нақтыланып жатыр. Тиісті қаржы арнайы есепшотта сақталады. Кейін әр бала жоғары оқу орнына түсер сәтінде қаражатты пайдалануға құқылы. 

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы:
-Оқу орнын, мамандығын әркім өзі таңдайды. Бірақ жылдық төлем көлемі бір млн теңгеден аспауы керек. Егер бала мемлекеттік білім грантын ұтып алса да бұл қаржы оның пайдалануы үшін қала береді. Оны басқа қандай мақсатқа жұмсауға болатындығы енді құрылатын есепшоттың ережесінде нақтыланады.