Хабар телеарнасы

Қостанайда жылу құбыры жарылды

Диаметрі 426 миллиметрлік құбырдың жарылған жерін кешкі сағат сегізге дейін жөндеу жоспарланған. Жылу желісінің жарылуына жер асты суының жақындығы себеп болған көрінеді. «Металл құбырлар ылғалдан тез тотығып, бұзылады»,мамандар. Бұл жылу магистралі сегіз жыл бұрын салынған. Ескі деуге келмейді. Екі апта бұрын ғана осы тұста апат болып, шағын аудандағы екі мыңнан астам пәтер күні бойы жылусыз қалған еді. Сол жағдай ертең тағы қайталанғалы отыр.

Данияр Сәбитов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: 
- Бұл жылу магистралын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Жобасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырыс берілді. Қаңтар айында республикалық бюджетті анықтау барысында қаржы бөлінеді деген ойдамыз. Сосын байқау өткізіп, келесі жылу беру маусымына дейін жоспарды жүзеге асырамыз.