Хабар телеарнасы

Жаңатаста 20 мыңнан аса тұрғын жарықсыз отыр

Жарық тарататын 70-тен аса бағана құлады. Салдарынан жылу қазандықтары істен шығып, 527 нысан жылуыз отыр. Олардың 97-сі көпқабатты үй. Жарық сөнгеннен кейін «Бүркітті» және «Көкбұлақ» сумен қамту орталықтарының жұмысы тоқтады. Су тек таңертең және кешкісін екі сағатқа беріледі. Жаңатаста 4 жылыту пункті жасақталып, халық ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп жатыр. Қаладағы наубайханалардың істен шығуына байланысты Тараз қаласынан 10 мың бөлке нан жеткізу жоспарланған. Құтқарушылар мен полицейлер жолда қалғандарға көмек көрсетіп жатыр.

Асхат Әлметов, Сарысу аудандық полиция басқармасының бастығы: 
- 17 автокөлік құтқарылды. Оның ішіндегі азаматтар өзіміздің 61. 10-нан астам кәмелетке толмаған. 3 үлкен камазбен және өзімен бірге 25 қызметкер осы ауданға көмекке келген болатын. Өзіміздің үлкен камаздар көлікпен осы ауданға қала орталығынан нан және де басқа да көмектер жасалып жатыр.